Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “7-20-25” бойынша “Нұрлы жер” баспанасын сатып алудың 4 оңай жолы

“7-20-25” бойынша “Нұрлы жер” баспанасын сатып алудың 4 оңай жолы

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының тұрғын үйін «7-20-25» арқылы сатып алу нарықтағы пәтер сатып алудың қарапайым алгоритмімен бірдей. Айырмашылығы — тұрғын үйді жергілікті әкімдіктер сатады. «Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша «Нұрлы жердің» қолжетімді тұрғын үйін сатып алудың бірнеше қадамын жария етті.

Бірінші қадам. Әкімдік өтініш қабылдаудың басталғанын және “7-20-25” бойынша берілетін тұрғын үйдің жеткілікті екенін хабарлағаннан кейін әкімдікке өтініш жасап, ұнаған пәтерді броньдау қажет. “7-20-25” бағдарламасына қатысушы банктердің біріне барып, кредит алуға өтініш жазып және барлық қажетті құжатты тапсыру керек. Құжаттардың банкке тапсырылғаны туралы әкімдікке хабарлап және қажет болған кезде броньды ұзартуға болады.

Екінші қадам. Банк қарыз алушы құжатының “7-20-25”бағдарламасының талаптарына сәйкес келуін қарап, ипотекалық кредит беруді мақұлдайды (не мақұлдамайды). Егер ипотека мақұлданса, қарыз алушы банктен кепілдік хатын алып, әкімдікке береді. Әкімдік сатып алу-сату шартын дайындайды.

Үшінші қадам. Нотариус сатып алу-сату шартын куәландыруға тиіс. Бұдан кейін банктің шешімі және оның келісуі бойынша қарыз алушы бастапқы жарнаны не банкке, не әкімдіктің шотына салады. Қарыз алушы сатып алу-сату шартын “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына (Халыққа қызмет көрсету орталығы) немесе нотариус арқылы (Egov.kz онлайн) тіркейді. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке тапсыру қажет.

Төртінші қадам. Өтініш беруші банкте қарыз шартына, төлем жасау кестесіне, сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартына қол қояды. Қарыз алушы сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шартын “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына немесе нотариус арқылы тіркейді. Сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шарты мемлекеттік тіркелгеннен кейін банк қарыз сомасын әкімдікке аударады.
www.qazbrand.info
05 наурыз 2019 ж. 1 125 0