Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет қызметкерлері марапат төрінде

Мәдениет қызметкерлері марапат төрінде

Кеше мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.«Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Бүгінгі күн айналасын қуанышқа бөлей білетін сан қырлы талант иелерін құрметке бөлейтін күн. Қасиетті жерімізде талай дарын иелері өмірге келіп, терең ой мен маржан жырдың иесі атанған. Сол бір даналықтың қайнар көзіне айналған азаматтарымыздың ізбасарлары, ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері лайықты түрде ізін жалғап жүр. Киелі өнер жолында шежірелі Арал өлкесін ел-жұртқа танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін» - деді, Кете-Төле би Досымжанұлы.
Жиында өнер иелеріне аудан әкімінің «Алғыс» хаты табысталды. Іс-шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
24 мамыр 2024 ж. 171 0