Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі биік, рухы да жоғары болады. Ауданымыздың әлеуметтік және мәдени жаңғыруы мен тұрғындардың рухани сұранысын қанағаттандыруда, қоғамдық саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда мәдениет және өнер адамдарының алар орны ерекше.
Алаштың анасы атанған Сыр елі, оның ішінде қасиетті Арал топырағы адуынды, аузы дуалы, терең ой мен маржан жырдың иесі атанған өнер майталмандарына кенде емес. Сол дарабоздардың ізін жалғап, өнерлеріңіз арқылы халық қошеметіне бөленіп келесіздер.
Бүгінгі рухани жауһарларымыз бен құндылықтарымыздың халықаралық деңгейде танылуы, əлемдік қауымдастық алдында егемен еліміздің абыройының үстем болуы – Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі деп білемін.
Киелі өнер жолында шежірелі Арал өлкесін ел-жұртқа танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін.
Мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық және халқымыздың бүгіні мен жарқын болашағына қызмет ету жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Мәдениеттің мәуелі көшін бастап, ұлт руханияты мәртебесін асқақтата берулеріңізге тілектеспін!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов
20 мамыр 2023 ж. 404 0