Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Аудан әкімі 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар!
Баршаңызды жыл сайын жайдары жаздың алғашқы күнімен тұспатұс келетін балғын бүлдіршіндеріміздің көңілді мерекесі 1маусым – халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын.
Тәуелсіз еліміздің кемел келешегі саналған балғын бөбек теріміздің мейрамы – барша ата ананың ортақ қуанышы. Сіздер біздің үкіліүмітіміз, жарқын болашағымызсыздар. «Барым балам үшін» деген ұстаныммен өмір сүрген халқымыз үшін, көзіміздің қарашығындай болған бүлдіршіндердің бейбіт күнде қауіпсіз өмір сүруі, әр күнін шаттыққа толы өткізуі бүгінгі аға буынның, қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі. Сол себепті де біздер барынша балабақшада, мектепте, мектептен тыс уақытта балалардың тиісті күтім мен қамқорлық көруіне жұмыс жасап келеміз. Бұл бағытта елімізде жеткіншектердің білім алуына, шығармашылығын шыңдауына барлық мүмкіндік қарастырылып келеді. Алдағы уақытта да балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында көптеген жұмыстарды қолға алатын боламыз. Бұл игілікті істер болашақ ұрпақтың жанжақты дамуына мол септігін тигізері сөзсіз.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген халқымыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған зор міндет – білім беру сапасын арттыру, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Осы бағытта өңірімізде жеткіншектердің сапалы білім алуына, шығармашылықтарының шыңдалуына барлықжағдайжасалуда.
Балаларымыздың жетістіктері, олардың жақсы оқып, қоғам дық жұмыстарға белсене қатысып жүргендері біз үшін үлкен мақтаныш.
Қымбатты балалар!
Біз үшін, яғни әрбір атаана үшін бұл өмірдің бақыты сәби лерінің мейірімге бөленіп, риясыз күлгенін, олардың бақытты жүздерін көру. Өмірімізге әр беріп, мәнін кіргізген, көңілімізге
қуаныш сыйлаған балғындарға айтар тілегім дендеріңіз сау болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
01 маусым 2024 ж. 225 0