Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ 4 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ 4 МАУСЫМ - МЕМЛЕКЕТТК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ардақты ағайын!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Мемлекет мәртебесін айқындайтын рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Гимн сан ғасырларды артта қалдырып, бекіді.
Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған нышандарымызды құрметтеу, мақтан тұту – әрбір азамат үшін қасиетті борыш.
Бұл күндері өзге алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, талай елдің төрінде әнұраны шырқалып, көк туы желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние танып, мойындады десек артық айтқандық емес. Осы арқылы ұлтымыздың әлем алдындағы бейнесі қалыптасты. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі!
Ардақты ағайын!
Тұлпар тұрпатты елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!
Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі А. ОҢҒАРБАЕВ
04 маусым 2024 ж. 45 0