Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-премьер қуаңшылық болуы мүмкін өңірлерді атады

Вице-премьер қуаңшылық болуы мүмкін өңірлерді атады

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін болған брифингіде қуаңшылық болуы мүмкін өңірлерді атады.

«Қазгидромет» болжамдарын сәл жаңартқанын білесіздер. Биыл қуаңшылық Қостанай облысының Амангелді, Жангелдин аудандарында болуы мүмкін. Мен ол екі ауданды аралап өттім. Жангелдин аудан Қостанай облысының ең оңтүстігіндегі өлке. Ол жақта егін егу бойынша ешқандай қатер жоқ. Өйткені Амангелді ауданында да, Жангелді ауданында да ешкім үлкен көлемде егін екпейді. Халықтың негізгі бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Қостанай облысындағы диқандардың негізгі массиві Арқалықтан солтүстікте жатыр. Сондықтан «Қазгидрометтің» дерегі бойынша ешқандай қауіп жоқ. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында да солай. Бейнелеп айтсақ, астықтың 90 пайызын беретін өңірлер ғой», - деді ол.

С.Жұманғарин Ақтөбе облысында да қуаңшылық болуы мүмкін екенін айтты.

«Бәлкім Ақтөбе облысының Қарғалы, Мұғалжар аудандарында проблема бар шығар. Осы аудандарда қуаңшылық болуы мүмкін делініп отыр. Қарғалы ауданы Ақтөбе облысындағы егін шығымына әсер етуі мүмкін. Бірақ Мұғалжар ауданы емес. Ол да малды ауыл», - деді вице-премьер.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
05 маусым 2024 ж. 250 0