Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев: Ер адамдарға әйелдерден қалып қоймауды ойлану керек

Назарбаев: Ер адамдарға әйелдерден қалып қоймауды ойлану керек

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен әйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесуі барысында ер адамдар үшін аса маңызды мәселені көтерді. Елбасы қазіргі кезде қыз-келіншектердің әлдеқайда білімді екенін алға тартып, азаматтарға олардан қалып қоймаудың амалын қарастырған жөн екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі таңда, елімізде білім мен денсаулық сақтау саласында 70%, қаржы саласында – 60%, ауыл шаруашылығында – 45%-ын әйелдер құрайды.
Нәзік жандылар кәсіпкерлікпен айналысып, шағармашылық пен спортта алдынғы қатарлы орындарды иемденуде.
"Ер адамдар әйелдерден қалып қалмаудың амалын қарастырып, ойлану керек. Қазіргі таңда, нәзік жандыларымыз бұрынғыға қарағанда әлдеқайда білімді әрі ақылды. Үздік университеттерді қарасаң, ерлерден гөрі қыз-келіншектер көп. Себебі түсінікті - олар ақылдырыақ" , - деді Назарбаев.
kaz.nur.kz
07 наурыз 2019 ж. 757 0