Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту – басты міндеттердің бірі

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейінгі облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау және денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіру аясында жоспарланған жұмыстар талқыланды.
Аудан басшысы Аманжол Оңғарбаев аталған мәселе бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді. Ақбасты, Тоқабай, Абай елдімекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстарын қадағалауды, Тастүбек, Ерімбетжаға ауылдарына ауыз су желісін тарту жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, тиісті сала басшысына тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында елдімекендердегі жедел-жәрдем автокөліктерінің ағымдағы жағдайына нақты талдау жасауды жүктеді.

