Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Мемлекеттік қызметші – мемлекетіміздің айнасы, бет-бейнесі. Халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру, еліміздің тірегі болу – барлығымыздың мәртебелі міндетіміз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды» деп атап өтті.Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолында, елдік мұраттарды ілгерілетуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Мемлекеттік қызметшілерге мораль мен әдеп тұрғысынан жоғары талаптар қойылады. Сондықтан жауапкершілігі мол қызметтеріңізде қоғам мен мемлекет мүддесі жолында адал еңбек етулеріңізге тілектеспін.Бүгінгі мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Құрметпен, облыс әкімі Н.Нәлібаев.
23 маусым 2024 ж. 236 0