Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың мемлекеттік қызметшілерді құттықтауы

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың мемлекеттік қызметшілерді құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Құрметті мемлекеттік қызметшілер және сала ардагерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Өйткені мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш.
Мемлекеттік басқарусыз кез келген қоғамның бірлігі бекемделіп, әлеуеті артып, тұрақты дамудың даңғыл жолына түсуі мүмкін емес. Осыдан-ақ мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мол, ауыр да абыройлы міндет екенін айқын аңғаруға болады. Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға жету жолында адал қызмет ету – әрбір азаматтың парызы. Осы орайда, мемлекеттік қызметшіге қойылар жауаптылық та, талап та өте жоғары. Белгіленген мемлекеттік қызметтің жауапкершіліктерін абыроймен атқару — біздің басты міндетіміз.
«Жұртың үшін аянба – азаматтығыңа сын» дейді дана халқымыз. Қай кезеңде де атқа мінер азаматтың абыройы халқына қалтқысыз қызмет етіп, елінің игілігі жолында толассыз төккен терімен өлшеніп отырғаны белгілі.
Тәуелсіз Отанымыздың тұғырын биіктетіп, ел ертеңінің еңселі болуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі орасан зор екені сөзсіз.
Қазіргі таңда мемлекетіміздегі эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, пандемиямен күресте алдыңғы шепте мемлекеттік қызметшілер де жанкешті еңбек етіп келеді. Тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін белгіленген шектеулер мен талаптар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың орындалуын жүзеге асыру үшін тынымсыз жұмыстар жүргізуде. Елдің амандығы үшін жасап жатқан қалтқысыз қызметтеріңізге алғысымды білдіремін.
Халық сеніміне селкеу түсірмеу – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек.
Айдынды өлкеміздің өркендеуіне ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына бақ-береке тілеймін!
Еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев
23 маусым 2020 ж. 2 663 0