Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, сала ардагерлері!
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Қос саланың қайсын алып қарасақта мемлекет тұрақтылығын нығайтып, ел экономикасын дамытуда, әлеумет әлеуетін арттырып, Мемлекет Басшысының міндеттемелерін іске асыруда аса маңызы зор.
Дана жұртымызда «Билігі мықты елдің - берекесі тұрақты, тәртібі мықты елдің - мерекесі шуақты» деген аталы сөз бар. Шынымен де қазіргі таңда қос мамандық иелеріне артылар жауапкершілік жүгі жоғары, атқаруы тиіс жұмыс көлемі ауқымды. Мемлекеттік қызметші не полиция қызметкері болсын екеуінің де алға қойған мақсаты бір. Ол байтақ Отаны мен туған халқына адал қызмет ету.
Мемлекетіміздің беделі мен қорғаны болып табылатын қос бірдей мәртебелі қызмет иелеріне деген халық сенімі мен құрметі қашанда жоғары. Осы орайда, ауданымыздағы мемлекеттік саясат пен байыпты бағдарламаларды іске асырып, халық пен билік арасына алтын көпір болуда және құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы барша мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін.
Еліміздің жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев
23 маусым 2024 ж. 206 0