Республикалық акция аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

Экологиялық науқанға қала, кент және барша ауылдық округтер лайықты үлес қосып жатыр. «Жасыл желекпен бірге тамырымызды тереңге жаяйық» деп жақсы ырымға балаған жандар саябақтар мен аллеялар аумақтарын абаттандыру, қоқыстардан тазарту сынды жұмыстарды белсенді жүргізуде.
Акцияның негізгі мақсаты қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту. Барша тұрғындарды аталған науқанға біркісідей атсалысуға шақырамыз!


