"Анаға тағзым" орталығының қызметкерлері "Қамбаш" лагеріне келді
Күні кеше «Анаға тағзым» орталығының қызметкерлері «Қамбаш» лагеріне келіп, тынығушылардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне өз үлестерін қосты.
Орталықтың көркемдік жетекшісі Феруза Оңталап өз алғы сөзінде «Анаға тағзым» орталығының жұмысы туралы оқушыларға мағлұмат бере отырып, өнерге қызығушылығы бар балалармен шеберлік сағатын ұйымдастырды. Ал, «Мирас» әжелер клубының жетекшісі Ақмарал Жұмағұлова асық ату, ләңгі тебу, садақ ату сынды ұлттық ойындар ұйымдастырып, гипстен мүсіндер құю жөнінде шеберлік сағатын өткізді. «Ана тілі» клубының жетекшісі Айжан Орынбасар мен шешендік өнер, ораторлық өнерді дамыту бойынша кретор маман Салтанат Сейтжан әлеуметтік желі парақшаларын жүргізуден шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Балаларды бір күн бойы қызықты шаралар мен көңілді ойындарға қарқ қылған қонақтар құр қол келмей, түрлі сыйлықтарын ала келді. Кеш соңы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Арал аудандық білім бөлімі