ҰБТ-дан 140 балл алған мектеп түлегіне көлік сыйлады

Ұлттық біріңғай тестілеуде бір сұраққа мүдірмей дұрыс жауап берген Еңсебек Жаннұрға көлік тарту етті, деп жазды KYN.KZ .
Еңсебек Жаннұр қуанышты хабарын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаяды. Оған "Juz40" білім беру орталығы сыйға тарту еткен.
"Қуанышымда шек жоқ. ҰБТ-ға "Juz40" білім беру орталығында дайындалдым. Шүкір, үміт ақталды. "Hyundai Sonata"
автокөлігін сыйлаған орталыққа көп рақмет', - деді ол.
Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекорд орнатып, 140 балл жинаған Еңсебек Жаннұр Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: jambylinfo.kz