Жас шахматшы Ақылжан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Ақылжан бұған дейін өз қатарластары арасында талай республикалық жарыстарда топ жарып, жақында ғана маусым айының 9-19 күндері аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында ел командасының сапында командалық есепте 2 алтын медаль еншілеген болатын.
Баласының жастайынан осы спортқа бейімін байқап, белін буған әкесі Мейірхан Бармағамбетов бүгінде Ақылжанның бапкері ретінде талай додаларға қатыстырып жүр.
Жеңісіміз құтты болсын! Жеңісті күндеріміз көп болғай!


"Толқын" ақпарат