Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Халықаралық Каспий теңізі күні

Бүгін - Халықаралық Каспий теңізі күні

Каспий – әлемдегі ауданы бойынша ең үлкен көл болып табылатын бірегей су айдыны.

Каспий жағалауы бес мемлекетке тиесілі: Қазақстан, Ресей, Иран, Түркіменстан және Әзірбайжан.

12 тамызда Каспий маңындағы бес мемлекет халықаралық Каспий күнін атап өтеді.

«2006 жылы Каспий теңізі мен қоршаған ортаны ластанудан қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция күшіне енді. Құжатқа 2006 жылы 12 тамызда Тегеранда қол қойылды», — деп жазды АШМ-нан.

Каспий теңізінің ресурстарын практикалық пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі балық аулау және балық өсіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы да биологиялық ресурстарды сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауда.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz
12 тамыз 2024 ж. 122 0