Бауыржан Нұрланұлы: Облыста көмір тапшылығы болмайды

Сала мамандарының айтуынша, биыл облыста көмір тапшылығы болмайды, сондай-ақ, өткен жылмен салыстырғанда баға жағынан да айырмашылық жоқ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов айтты.
– Бүгінге дейін облысқа 18,6 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл жалпы қажетті қатты отынның 9,6 пайызын құрайды. Қазіргі таңда қала және аудандардағы көмір қоймаларында нақты 27 мың тонна көмір қоры бар. Облыс көлемінде 26 өңірлік оператор (9 ЖШС мен 17 жеке кәсіпкер) жұмыс жасауда. Көмірдің негізгі көлемі тамыз-қараша айларында жеткізілетін болады. Жалпы, көмір жетіспеушілігі деген мәселе жоқ. Сонымен қатар, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында көмірдің бағасы мен қоймалардағы нақты көмір қоры, олардың мекен жайларын ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде,- деді Бауыржан Нұрланұлы.
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі