Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жаңа мемлекеттік компания құрылды

Елімізде жаңа мемлекеттік компания құрылды

Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Теңіз жасағы" акционерлік қоғамын құру", - делінген құжатта.
Кәсіпорын қызметінің негізі - мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ТЖМ-мен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен компанияның жарғысын бекітуді, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін АҚ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамды сайлауды, Қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруды және басқару органдары құрылғанға дейін оның мүдделерін үшінші тұлғалар алдында ұсынуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Компанияның жарғы бойынша капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. "Теңіз Жасағы" АҚ-ның болжамды құны 187 миллион теңгеден асады.

Фото: aqmeshit-zhastary.kz
09 қыркүйек 2024 ж. 81 0