Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС: Халықтық штаб өкілдері Қосаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

АЭС: Халықтық штаб өкілдері Қосаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудандық Халықтық штаб өкілдері Қосаман ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Мамандардың айтуынша электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артуда. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да өлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде.
Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын.
«Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жұмыс істеп тұрған реакторлардың көпшілігі II буын реакторлары болып табылады. Қазіргі уақытта III және III+ буын реакторларының саны көп емес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл реакторлар дүние жүзінде ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін болады. қару үшін қандай шаралар қолданылуда? III буын реакторларының орташа жұмыс уақыты 60 жылға есептелген, реакторлық корпусты толық жөндеу және ауыстыру арқылы пайдалану мерзімін 100 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
Ауыл тұрғындары атом энергиясы, станциялары жайлы біраз мәліметтерден хабардар болғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб
#АЭСбізге
#БізгеАЭСкерек
#ҚазақстанғаҚуатБер
#ЗарядимКазахстан
20 қыркүйек 2024 ж. 117 0