Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Акция аясындағы сенбілік жұмыстары жалғасуда

Акция аясындағы сенбілік жұмыстары жалғасуда

Бүгін Арал ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтіп, қала тазалығына атсалысқан азаматтар белсенділік танытты.
Тұрғындар кезекті сенбілік барысында автожол жиектерін, темір жолы маңы мен қоғамдық орындардарды, мәдени ескерткіштер мен демалыс орындарын, қалаға кіре беріс аймақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ үйіміздің көркеюіне өз үлестерін қосты. Аймақтар бөлінісі бойынша 8 секторда қызу жүргізілген сенбілікте тазалық жанашырлары қала келбетінің көркеюіне үлестерін қосып, туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсете білді.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті. Бұл бағыттағы  жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
"Толқын" ақпарат
21 қыркүйек 2024 ж. 247 0