Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Еңбек күнімен құттықтады

Аудан әкімі Еңбек күнімен құттықтады

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын!
Еңбек – адамның өміріне мағына беріп, болашақ ұрпаққа жол сілтейтін қасиетті ұғым. Еңбектің арқасында ғана қоғам өсіп-өркендеп, мәдениет пен руханият гүлдене түседі.
Тәуелсіз еліміздің әл-ауқаты мен экономикасының қалыптасуына негіз қалаған, қажыр-қайраты мен күш-жүгерін еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Сіздерге үлкен ризашылығымды білдіремін!
Құрметті, еңбексүйер қауым!
«Ауыр еңбектің азабы ұмытылады, жемісі қалады» деген халық даналығының астарында терең мағына жатыр. Сол маңдай термен, ауыр азаппен келген нәтиже берекелі қоғамның негізін қалайды. Әркез биік болмыстарыңыз аласармай, халық сенім артқан білікті маман ретінде биіктерден көріне беріңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар және амандық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкім А.Оңғарбаев
28 қыркүйек 2024 ж. 30 0