Қызылорда қаласының ХҚКО-ларында Қарттар күніне арналған шара өтті

Айта кетейік, күніне филиалдың фронт-офистеріне 40-қа жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 800-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында және Түркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар, олардың 85 мыңға жуығы Қызылордада тұрады.
Аталған қызметті алушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақ ыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты.

“Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының облыстық филиалының баспасөз қызметкері