Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына алғыс білдірді

Мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына алғыс білдірді

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев 25 қазан – Республика күніне орай бір топ мемлекеттік қызметкерлерді қабылдап, олардың ата-аналарына құрмет көрсетті.
Алдымен бүгінгі басқосуға 1979-1988 жылдар Арал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Бодаш Уалиевтің қызы Гүлнар Бодашқызы келіп отырғанын айтып, мейманға ерекше құрмет көрсетті.
Ұлттық мерекенің маңыздылығына тоқталған аудан басшысы шын мәнінде елдік пен еркіндіктің маңызы бәрінен бөлек екенін айтып, Республика күні – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс екенін алға тарты.
– Құрметті кездесуге қатысушылар, қадірлі әріптестер! Бүгін өздеріңізбен бірге Ұлттық мереке қарсаңында бас қосып отырмыз. Елдікке бастаған ерекше күнді 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітуі көпті қуантқан жайт болды. Адам өмірімен таразыға түссе жылдар белесіне ұласқан осыншама уақыт тарих үшін қас-қағым сәттей-ақ. Бірақ сол уақыттан бері мемлекетіміз тәуелсіздік жылында кездесетін өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында талай кедергілерден өтіп келеді. Кез келген ел азаматтыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады, басқа мерекелерден айрықша қадірлейді. Өйткені бодандық деген бұғаудың қыл мойыннан сырғып түскен сәті. Айрықшалап айтсақ, Азаттық жалауы желбіреген ай да, жыл да қадірлі, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң мемлкеттік қызметте жүрген азамттардың еңбегін ерекше бағалап, Тәуелсіздік жылдарында түрлі сала бойынша үздік деп танылған бір топ мемлекеттік қызметкерлердің ата-анасын облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Жиын соңында мәртебелі мейман Г.Бодашқызы барша аралдықтарды Республика күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметте жүрген барлық азаматтарға ізгі тілегін жеткізді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
24 қазан 2024 ж. 61 0