Республика күні: Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Мерекелік шарада мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.Алты алаштың баласын алты қанат киіз үйдің басында бір шаңыраққа біріктірген ұлық мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.Іс-шара «Көк тудың желбірегені» әнімен түйінделді. Көпшілік бір-бірін мерекемен құттықтады.


