Аралда Республика күніне орай мемлекеттік Ту көтерілді

Шараның шымылдығы Мемлекеттік Гимніміздің орындалуымен ашылып, көк байрағымыз өз биігіне көтерілді.
«Рәміздер алаңы» аумағында өткен шараға қатысқан өңір тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері, аудандық құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері және белсенді жастар көпшілікті отаншылдық сезімге бөледі.
Туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі