Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі

Президент бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияның Ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.

Президент құттықтау жеделхатында Түркияның бірлігі мен дамуының бірегей нышаны саналатын бұл күннің мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық екі ел игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның аса жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас түрік халқына құт-береке тіледі.

Сурет: egemen.kz
29 қазан 2024 ж. 110 0