Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасы жақсарған

«Биыл 1 қазанға дейін облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына 821 376 тұрғын тіркелген. Аймақ халқына 25 стационарлық 25 амбулаториялық-емханалық, 102 дәрігерлік амбулатория, 27 фельдшерлік акушерлік бекет, 93 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 7,9% жоғарылап, 58,3-ті құрады, көрсеткіш Республика деңгейінен жоғары», - деді Басқарма басшысы.