САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚҚА БІР ҚАДАМ
Бүгін Арал аудандық прокуратурасының және Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты жүгіру марафоны өтті.Марафонның басты мақсаты – барша аудан тұрғындарын салауатты өмір салтына шақыру, нашақорлыққа қарсы күресте қоғамның белсенділігін арттыру және жастарды дұрыс таңдау жасауға ынталандыру.
Шарада алғы сөз алған аудан прокурорының орынбасары Руслан Нұрлыбаев пен Семей полигонының ардагері Серік Өтебалиев қатысушыларға сәттілік тілеп, нашақорлыққа жол бермеу үшін бірлесіп күресу қажеттігін атап өтті.
Марафон «Рәміздер» алаңынан басталып, орталық алаңда жалғасты.
Марафонға қатысушылардың көзіндегі жігер мен ортадағы ұйымшылдық ерекше әсер қалдырды. Бұл – дені сау ұрпақ тәрбиелеу жолында осындай шаралардың маңызын көрсететін жарқын мысал.
Мәре сызығын бірінші болып кескен жеңімпаздарды аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төреахметов құттықтап, жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыстады. Шараға қатысқан әрбір жанның үлесі жоғары бағаланды.
Марафон нәтижесі бойынша:
- 1 орын – Тілегенұлы Жанболат;
- 2 орын – Нұрбай Шыңғыс;
- 3 орын – Нағашыбаев Ерболат иеленді.
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
«Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен өткен бұл марафон әрбір адамға үлкен ой салып, қоғамның есірткісіз болашаққа ұмтылуына шабыт берді деп есептейміз.