ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

– Құрметті қаржыгерлер, қадірлі сала мамандары! Сіздерді 15 қараша – төл теңгеміздің қолданысқа енген күнімен және Қаржыгерлер күнімен құттықтаймын! Қазіргі капиталистік қоғамда теңгенің қадірін қаржыгерлердей анық білетін адам кемде-кем болар. Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі - мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, ел экономикасының дамуына жұмыс жасау екені анық. Бұл бағыттағы жұмыстарда сіздер сенім үдесінен шығып келесіздер. Мерейлі мереке қарсаңында қаржылық саясаттың қыр-сырын шебер меңгеріп, өз істеріңізге адалдық танытып жүрген сіздерге ерекше алғысымды білдіремін! Барлық қаржы саласы қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ертеңгі күнге деген зор сенім, тұрақтылық пен табыс тілеймін! – деді аудан әкімі А.Оңғарбаев.
Жиын барасында қаржы саласында абыройлы еңбек етіп, ел экономикасының қарқынды дамуына үлес қосып келе жатқан бір топ сала мамандары облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Кәсіби мереке қарсаңында аудандық мәслихат төрағасы Б.Төрахметов қаржы саласының ел дамуында үлесін атап өтіп, сала мамандарын мерекемен құттықтады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі