Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов сала қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов сала қызметкерлерін құттықтады

Қадірлі жерлестер!
Өздеріңізге белгілі, биыл еліміз үшін айтулы мерейтойлық кезеңдермен айшықты. Мұның бастауында ең басты құндылық – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тұр.
Бұл – елдік пен теңдікті, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгіштікті дәріптейтін ерекше мереке.
Тәуелсіздіктің осынау айтулы мерейтойы Қаржы органдарының 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Сіздерді, Ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
1993 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал теңге – мемлекеттің басты белгісіне айналды.
Осы 30 жыл ішінде тәуелсіз мемлекеттің нышанына айналған теңге Тәуелсіздігімізді нығайта түсті. Теңгенің айналымға енуі елдің ұлттық нарық инфрақұрылымының қалыптасуына, қаржылай-несиелік және бюджеттік-салықтық саясатты жүзеге асыруға септігін тигізді.
Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі басымдықты, шынайылықты қажет етеді. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күре тамыры – қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың толыққанды қызметін елестете алмаймыз.
Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктеріңіздің арқасында ауданымыз экономикасы қарқынды дамып, алдыңғы қатардан көрінуде.
Алдағы уақытта да осынау биік межеден көрінетіндеріңізге сенімдімін. Сондай-ақ, жұмыстарыңыз келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспін.
Сіздерді, кәсіби мерекелеріңіз – Қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтай отырып істеріңізге табыс тілеймін. Өңір экономикасының қаржылай ахуалының нығаюы жолындағы істеріңізге береке берсін.
Сіздерге шын жүректен табыс, зор денсаулық, жемісті еңбек, қаржы ісіндегі тұрақтылық пен жаңа жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі С. Сермағамбетов
14 қараша 2021 ж. 849 0