Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қаржыгерлер күні мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қаржыгерлер күні мерекесімен құттықтауы

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Баршаңызды 15 қараша - Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген Қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне сонау 1993 жылдан бастап 27 жыл толып отыр.
Егемен еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды.

Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді.

Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар,
еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде.
Алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін. Сондай-ақ, жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспін .

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

14 қараша 2020 ж. 3 301 0