Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Аудан әкімі қаржы саласының қызметкерлерін қабылдап, сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтады.
«Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Мәселен 2018 жылы аудан бюджеті 14 млрд теңге болса, қазіргі уақытта аудан қазынасының қаржысы 22 млрд. теңгеге ұлғайған. Сонымен қатар ауданымызда несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 75 жоба 1 млрд. теңгеге несиелендірілді. Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 500 млн. теңгеден аса мемлекеттік грантты 400 адам жеңіп алды.
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері! Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Қаржыгерлер күні және Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтай отырып істеріңізге табыс тілеймін»,- деп ізгі лебізін білдірді.
Салтанатты шарада қаржы саласының қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, Қаржы Министрлігінің, облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарымен өз саласында елеулі еңбек етіп, жоғары жетістікке жетіп жүрген сала мамандары марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.

15 қараша 2022 ж. 477 0