ҚАМЫСТЫБАСТА НАУРЫЗ ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Мерекелік шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарын көктемгі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Шат-шадыман күйге бөленген көпшілік алаңға жиналды. Ұлыстың ұлы күнінде дәстүр бойынша киіз үйлер тігілді. Жиналған қауым мерекелік концерт тыңдап, түрлі ұлттық ойындарында шеберлік байқасты. Ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрлеріміз дәріптелген қойылымдарды тамашалады.
Осылайша, күн мен түн теңелетін шақта тойланатын мерекені Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғындары барлық салт - дәстүрі, әдет-ғұрпымен, сән-салтанатымен атап өтті.
aral.gov.kz