ЖАҢА ЗАҢНАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі қабылданған жаңа зоң нормаларына сәйкес сатып алу конкурстарын өткізу үшін тез арада тиісті шешім қабылдау керектігін айтып, салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті мамандарға тапсырма берді.
– Келесі жылға жоспарланған мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу үшін шұғыл арада тиісті шешімдер қабылдауымыз қажет. Конкурстар жариялау үшін өтінімдерді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына ұсынылуын жеделдету керек. Көктем және жаз мезгілінде орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер мерзімінде басталмаған жағдайда, бюджет қаражаты тиімді игерілмеуі ықтимал. Сондықтан, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, бұл жұмыстарды осы бастан қолға алуды тапсырамын, – деді аудан әкімі А.Оңғарбаев.
Сонымен қатар жаңа заң өзгерістерін мұқият зерделеп, мәселге бұрынғы көзқараспен қарауға болмайтынын ескертті. Қазынадан бөлінген әрбір тиын мемлекеттік қатаң бақылауында болатынын айтып, мемлекеттік сатып алу жұмыстарында мейілінше ашықтық пен әділдік болуы керектігін жеткізді.
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңадан қабылданған заңның талаптары мен шектеулерін түсіндіру мақсатында жауапты тұлғалардың қатысуымен семинар-тренингтер ұйымдастырудың маңызыдылығын атап, алдағы уақытта электронды цифрлық қолтаңба арқылы жүргізілетін қаржылық операциялар мұқият бақылауда болуы керектігін ескертті.
Жиын соңында аудан әкімі А.Оңғарбаев осы бағыттағы жұмыстарды кестеге сәйкес жүргізіп, құжаттамалық қызметтерде әрбір әрекет заң шеңберінде атқарылуы керектігін нақтылады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі