«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында аудан көлемінде ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған патрульдік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.,) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексерілуде.
АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ