«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 18-20 қараша күндері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Іс-шара барысында мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу, болдырмау, бұрын орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу болып табылады. Сонымен қатар, өз бетімен қараусыз жүрген үй жануарларына, ет өнімдерін тасымалдауды бұзу деректері, мал тасымалдауда ветеринариялық талаптарды бұзу деректері орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің талаптарына сәйкес шара көрілетіндігі ескертіледі.
АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ