Оқушылардан жаңа жылдық кешке ақша жинауға рұқсат етіле ме
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі жаңа жылдық кештерге ақша жинауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.«Біз бұрын айтқанымыздай, «мектептерде ақша жинау» деген болмауы керек. Мен осы және басқа да іс-шараларға байланысты пікірімді үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады. Бұл жаңа жылдық іс-шараларға да, шыршаларға да қатысты. Кез-келген іс-шараларды ақша жинамай өткізуге болады. Сонымен қатар қазір барлық іс-шаралар «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған», деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр кез келген іс-шара балаларды тек көңіл көтеруге емес, тәрбиелеуге бағытталу керек екенін баса айтты.
Сурет: ашық дереккөзден алынды










