Статистикалық есептілікке байланысты семинар өтті
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтың төрағалығымен статистикалық есептілікке байланысты семинар-кеңес өтті.
Жиынға аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдер басшылары, бөлімдердің, қала, кент, ауылдық округтердің статист мамандары мен есепшілері, мекемелер мен кәсіпорындардың есепшілері және ЖШС-тер мен жеке кәсіпкерлер, есепшілер қатысты. Сондай-ақ қала, кент, ауылдық округтер әкімдері ZOOM платформасы арқылы қатысты.
Қазіргі кезде елімізде бірқатар әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін сала – еліміздің статистика саласында да уақыт талабына сәйкес бірқатар өзгерістер болып жатыр.
Семинардың негізігі мақсаты шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін, сапасын арттыруға байланысты әдістемелік көмек көрсету және әкімшілік дереккөздерге, респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін түсіндіру болып табылады.
Осы мәселе төңірегінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және Реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің Тіркелімдер, респондеттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау бөлімінің бас маманы М.Сағынбаева мен департаменттің Тіркелімдер, респондеттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау бөлімінің бас маманы А.Науановлар хабарлама жасап, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаңа өзгерістерге байланысты күнделікті жұмыс жасайтын жауапты мамандар жиын барысында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қажетті мәліметтерге қанықты.
Бұндай семинар-кеңестердің берер көмегі өте көп екенін айтқан аудан әкімінің орынбасары Е.Жұмаханұлы мамандарға ризашылығын жеткізді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі