Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау тәртібін түсіндіру бойынша құқықтық оқыту семинары өткізілді. Семинардың басты мақсаты – өтініштерді тіркеу, рәсімдеу және қарау барысында туындайтын мәселелерді шешуге әдістемелік көмек көрсету және Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Жиынға қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен ақпараттық жүйеге жауапты мамандар қатысты.
Шараға облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы Әлібек Алмағамбетов пен инспектор Гүлзира Бейсова арнайы келіп қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында «Е-өтініш» жүйесімен жұмыс барысында жиі кездесетін олқылықтар, оның ішінде өтініштерді уақытында тіркемеу, кодекс талаптарын сақтамау және жүйені тиімді пайдалану бойынша әдістемелік кеңестер сынды негізгі тақырыптар талқыланды. Өтініштермен жұмыс істеудің сапасын арттыру үшін Кодекс талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйеге келіп түскен өтініштерді уақытылы тіркеу және қарау ҚР Президенті әкімшілігінің тікелей бақылауында екендігі ескертілді.
29 қараша 2024 ж. 57 0