Сыр баспасөзінің қос қанаты
Басылым мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүргізуге, аймақтың тыныс-тіршілігін үздіксіз насихаттауға аянбай қызмет етіп келеді.
Осындай айтулы мерейтой аясында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің шығармашылық ұжымын қабылдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформаларды, кейінгі бес жылдың бедерінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында атқарылған ауқымды істерді насихаттауға, қоғамдық сананы жаңғыртуға да ерекше үлес қосуда.Осының бір айғағындай, 2023 жылы «Сыр бойы» газеті «Үркер» ұлттық сыйлығы бойынша «Үздік өңірлік БАҚ» номинациясын иеленді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қанат жаюы масс-медианың алдына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл ретте «Сыр бойы» газетінің бет-бейнесі де, мазмұны да заманға сай дамып келеді, – деді Ш.Асқарұлы.
Кездесуге ұжымның ардагерлері мен журналистер қатысты.
Айта кетейік, биыл аймақтың бас газеті «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарының 95 жылдығын атап өтуде.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz