Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент бастамалары елдің болашаққа деген үмітін нығайтады

Президент бастамалары елдің болашаққа деген үмітін нығайтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты – ел дамуына деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Бұл сұхбаттан Президенттің қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, ұлттық құндылықтарды сақтап, оларды дамытуға ерекше көңіл бөлетіні сезіледі.

Әсіресе, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын нығайту туралы айтқандары көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Тілді құр ұрандап емес, нақты істермен дамыту керек дегені – өте дұрыс тұжырым. Бұл – тіл жанашырларының да, барша қазақ халқының да көкейінде жүрген мәселе.

Президенттің елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуы туралы пікірлері де көңілге сенім ұялатады. Әрдайым халықпен бірге, елдің мүддесін басты орынға қоятын мемлекет басшысының осындай ашық әрі шынайы сұхбаттары қоғамға қажет. Бұл сұхбат халық пен билік арасындағы сенімді арттырып, елдің болашаққа деген үмітін нығайтады деп есептеймін.

Болашақта да мұндай сұхбаттар жиі беріліп, ел алдында ашық әңгіме жүргізіле берсе екен деймін. Өйткені халықтың Президенттің аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түруі – елдегі бірліктің белгісі.

Нұргүл САҚТАШҚЫЗЫ
04 қаңтар 2025 ж. 130 0