Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетісайлықтар Садриддин Ахмедовке ат мінгізіп, шапан жапты

Жетісайлықтар Садриддин Ахмедовке ат мінгізіп, шапан жапты

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы, «WBC Asia» чемпиондық белбеуінің иегері – «Қазақ сарбазы» лақап атымен танымал Садриддин Ахмедов туған жері Жетісай ауданына келіп, жастармен кездесті. Қазақ боксының жарқын болашағы, кәсіпқой бокста WBC тұжырымының жастар арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедовті Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қабылдап, сый-құрмет көрсетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы, «WBC Asia» чемпиондық белбеуінің иегері – «Қазақ сарбазы» лақап атымен танымал Садриддин Ахмедов туған жері Жетісай ауданына келіп, жастармен кездесті. Чемпионды әуелі аудан әкімі Жамантай Қанайұлы қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Иығына шапан жауып, астына ат мінгізді. Сонан соң чемпион «Сырдария» университетінде ауданның белсенді жастарымен кездесіп, ашық пікір алмасты.
Спорт саласында жеткен жетістіктерінің негізгі себептерін сөз еткен «Қазақ сарбазы» жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, сапалы білім алып, алдына қойған мақсаттарына жете білуге шақырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, спортқа келген алғашқы кездеріндегі қиындықтарды қалай жеңгенін, алғашқы жеңіс тұғырына көтеріліп еліміздің Әнұраны ойналған кездегі сезімдерімен бөлісті.
Айта кетейік, жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста 8 кездесу өткізіп, оның жетеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберсе, соңғы жекпе-жегінде индонезиялық боксшы Джон Рубаны (17-5-1, 9КО) ұпай санымен тізе бүктірген болатын.
28 наурыз 2019 ж. 1 174 0