Құттықтаймыз!

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, қазақ халқының мәдени, әлеуметтік және философиялық дүниетанымын тереңінен танытуда танымды дүние аталып келе жатқан айтыс өнеріндегі жас есім Бексұлтан Орынбасаров ауданға қарасты Шөмішкөл ауылының тумасы.
Жастайынан жыршылық өнерге ден қойып, домбырамен дос болған Бексұлтан жыршы-термеші жерлесміз, дәстүрлі өнердің дәулескері Айбек Тәңірбергеновтың шәкірті. Бұған дейін айтыс аламандарында оза шауып, үздіктер көшінде келе жатқан Бексұлтанды бүгінгі биігімен, жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
"Толқын" ақпарат