Аралдық ақын "Асыл домбыраға" қатысады

Бексұлтан жайлы тек аудан тұрғындары ғана емес, облыс жұртшылығы, тіпті республиканың айтыс сүйер азаматтары өте жақсы біледі. Бала күннен сахнада күміс көмейін сайратқан жас айтыскердің қоржынға салған жүлдесі де жетерлік. Міне, жуырда ғана мәдениет пен өнердің ордасына баланған Алматының төрінде өткен "Менің пірім – Сүйінбай" атты VI республикалық студенттер айтысында 47 ақынның арасынан суырылып шығып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар аламан айтыстың ауылында әркез шашасына шаң жұқпайтын жүйрік тілді жерлесіміз республикалық "Асыл домбыра" айтысына жолдама алды.
"Толқын" ақпарат