Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық соты 2024 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылады

Арал аудандық соты 2024 жылдың 12 айының жұмысын қорытындылады

Арал аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы К.Садуақасова 2024 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға жергілікті басылымдардың тілшілері қатысты.
Баспасөз мәслихатында К.Садуақасова 2024 жылдың 12-айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде 59 қылмыстық іс, 1034 азаматтық іс, 841 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралғанын, қылмыстық істердің басым көпшілігі есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары, сондай-ақ, алаяқтық қылмыстары болып табылатынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап қоюлардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті.
Сондай-ақ, есепті кезеңде 232 азаматтық істің өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылғаны, 3 істің партисипативтік рәсім тәртібімен, 3 істің татуласу келісімдерін жасасумен аяқталғаны, 2023 жылмен салыстырғанда татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істер санының 75 іске ұлғайғаны айтылды.
Сот жұмысының басты бағыттарының бірі бұрыңғысынша сот жүйесі имиджін көтеру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету болып табылатынын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру мақсатында тұрақты түрде судьялар мен сот қызметкерлерінің сот қызметі туралы және өзге де өзекті тақырыптарда мақалалары жарияланып, ұдайы дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары және азаматтарды қабылдау шаралары өткізіліп жатқандығын әңгімелеп берді.
Шара соңында К.Садуақасова журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, сот тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Арал аудандық соты

28 қаңтар 2025 ж. 119 0