Қармақшы қарқынды құрылыс алаңына айналды

"Ауданда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. 2024 жылы елді мекендерге заманауи 5 балалар және спорт алаңын салуға 105,4 млн теңге қаралып, алаңдар салынды. Соңғы 2 жылда аудан көлемінде 17 дана балалар және спорттық ойын алаңындары орнатылып, пайдалануға берілді" - деді Жандос Еркінбекұлы.
Аудан әкімінің айтуынша 2024 жылдың қаңтар айында Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілген. Ал, 2024 жылдың желтоқсан айында Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттерінің құрылысына бюджеттен 416,9 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілген.
"Ауданымызда «Руханият жылы» аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі аудан орталығымыздағы «Руханият орталығы» бой көтеріп, құрылысы аяқталды. Жалпы жоба құны 1,7 млрд.теңге. №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорт залының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді", - деді аудан әкімі.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі