Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің кезекті отырысы өтті

Жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелерінің кезекті отырысы өтті

Арал қаласының әкімі Ұзақов Батыржан Жансерікұлы Арал қаласы бойынша жергілікті қоғамдастық кеңесі мүшелері мен бірқатар көше комитет төрағаларымен кездесіп, Арал қаласының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы міндеттер мен жоспарлар туралы баяндап өтті.
Жиынға қатысушылар атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, көркейту мен көгалдандыру жұмыстарына қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Қаламыздағы жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы бастамаларға сәттілік тіледі.
Өз кезегінде қала әкімі Б. Ұзақов көтерілген ұсыныстарды назарға алып, алдағы уақытта оңтайлы шешілуіне жұмыс жасайтынын білдірді.

“АРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ” КММ

Фото: Арал қаласы әкімінің аппараты
08 ақпан 2025 ж. 85 0