Арал қаласында жаңадан қала әкімі сайланды

Батыржан Жансерікұлы - 1984 жылы 16 қарашада Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану», 2012 жылы «Болашақ» университетін «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Кеңқияқ-Құмкөл» ЖШС-да үйлестіруші қызметінен бастаған.
2010 - 2015 жылдары – Халықаралық «Solini Construktion»
ЖШС-да жабдықтау бөлімінің басшысы, «Бозой-Бейнеу» газжелісінің Қызылорда облысы бойынша үйлестірушісі;
2015 - 2019 жылдары - «Триумф-Строй» ЖШС-ның директоры;
2019 жылдан бастап жеке кәсіпкер.
Аудандық мәслихаттың жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты.
Отбасылы.

Арал ауданы әкмдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Арал ауданы әкімдігі