Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Тілекұлы Ерғарин тағайындалды.
Фото: akorda.kz