Аудандық жыр мүшәйрасы өтті

Жыр сайысының бірінші кезеңінде қатысушылар С. Бермағанбетовке арналған өз шығармаларын оқып, оның журналистика саласындағы еңбегін, тұлғалық қасиетін жырға қосты. Екінші кезеңде ақындар Арал тақырыбындағы туындыларды, туған жердің тарихы мен болашағын жырларына арқау етті.

Жас та болса өзінің өткір тілімен, батылдығымен ұшқыр ойлы журналист бола білген марқұмның рухына арналып ұйымдастырылған мүшәйрада 10 ақын бақ сынап, әсерлі жырларымен тыңдарман жүрегін тербетті.
Тартысты жыр бәйгесіне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Толыбай Абылаев, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ерғали Абдулла мен аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов төрағалық етіп, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қаратереңдік Әмишаев Айдар қанжығалады.
Құландыдан келген қатысушы Даулетова Айымгүл 1 орынды еншілесе, жүлделі ІІ орынды тоқабайлық Есқуатов Қайрат пен Аманөткел ауылынан Көздібаева Мейрамкүл иеленді. Жақсықылыш кентінен қатысқан Махамбетова Жанар мен Аққұлақ ауылынан Алиева Мирамкүл жүлделі ІІІ орынды өзара бөлісті.




Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Арал ауданы әкімдігі